«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Full Vision Capital компаниясының бас директоры доктор Питер Лимен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Full Vision Capital компаниясының бас директоры доктор Питер Лимен кездесті

60

05 Тамыз 2026

Кездесу барысында тараптар климаттық технологиялар, таза энергетика және төмен көміртекті даму салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Нұрлан Жақыпов активтері 88 млрд доллардан асатын, әлемдегі ірі әл-ауқат қорларының бірі саналатын «Самұрық-Қазынаның» тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесуде Full Vision Capital компаниясының еншілес ұйымы – экологиялық таза авиациялық отын (SAF) өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі EcoCeres компаниясымен серіктестік орнату мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Full Vision Capital – 2014 жылы доктор Питер Ли Ка-кит негізін қалаған отбасылық инвестициялық кеңсе. Компания климаттық және «жасыл» технологияларға инвестиция салумен айналысады.

WhatsApp Image 2026-08-05 at 17.40.01 (1).jpeg