«Самұрық-Қазына» қорында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша өндірістік қауіпсіздік қорытындылары шығарылды
58
04 Тамыз 2026
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов портфельдік компаниялардың басшыларымен Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырысын өткізді.
Жақыповтың айтуынша, өндірістегі әрбір жазатайым оқиға – тәуекелдердің уақтылы анықталмағанының және қауіпсіздік талаптарының жіті бақыланбағанының белгісі.
«Ортақ міндетіміз – мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Ол үшін формалды тәсіл емес, тұрақты бақылау, барлық деңгейдегі басшылардың жеке жауапкершілігі және тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс қажет», – деді ол.
Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов компаниялар тобындағы өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндады. Сондай-ақ өз компанияларындағы өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев баяндады.
Отырысты қорытындылай келе, Нұрлан Жақыпов өндірістік алаңдардағы бірқатар іс-шаралардың әлі де формалды сипатта екенін және нақты нәтижеге жеткізбейтінін атап өтті. Кейбір басшылар қауіпсіздік мәселелерін әлі күнге дейін тек бейінді қызметтердің жауапкершілігі ретінде қабылдайтынын, бұған жол беруге болмайтынын айтты.
«Қауіпсіздік – әр басшының жеке жауапкершілігі», – деді қор басшысы.
Отырыс қорытындысы бойынша портфельдік компаниялардың басшыларына бақылауды күшейту және жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан Республикасының Ұлыб...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Теміржолшылар күнін атап өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«The Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna»: спорт ...
{{ $t('messages.news1') }}
Бакуге жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әз...