«Болашақ ойындары 2026»: спорт пен технология тоғысқанда

«Болашақ ойындары 2026»: спорт пен технология тоғысқанда

38

29 Шілде 2026

Астанада классикалық спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін жаңа форматтағы халықаралық мультиспорттық «Games of the Future Astana 2026 powered by Samruk-Kazyna» турнирі басталды. 9 тамызға дейін жалғасатын жарыстың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» қоры.

Турнирдің басты ерекшелігі – фиджитал форматтағы жарыстар. Әрбір сайыста қатысушылар алдымен цифрлық ойын платформаларында бақ сынасып, кейін жарысты спорт алаңында жалғастырады. Жеңімпаз жалпы нәтиже бойынша анықталады.

WhatsApp Image 2026-07-29 at 20.33.33 (1).jpeg

Турнирге 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Жарыстар Астанадағы ең ірі спорт нысандарында өтеді.

Бағдарлама 8 сайыстан тұрады, олардың ішінде Phygital Football UFL presented by Samruk-Kazyna, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, сондай-ақ компьютерлер мен ұялы құрылғылардағы MOBA және Battle Royale бойынша жарыстар бар.

«Болашақ ойындары 2026» – физикалық дайындық, жылдам реакция, стратегиялық ойлау және цифрлық технологияларды меңгеру тең дәрежеде маңызды болатын жаңа буын жарыстары.

WhatsApp Image 2026-07-29 at 20.33.33 (2).jpeg


Фото: Ақорда