Бакуде қазақстандық делегация Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиевпен кездесті
552
29 Шілде 2026
Қазақстандық делегация құрамында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев болды. Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты жүк тасымалын қамтамасыз етудегі ТХКБ рөлінің артып келе жатқаны аталды.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жүк тасымалының қазіргі ағынын, көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, тасымалдардың тиімділігін арттыру және екі елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шараларды талқылады.
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Maire Tecnimont компаниясының ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов General Atlantic халықаралық и...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Deutsche Bahn AG компаниясының...