«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады

«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады

40

03 Шілде 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Glencore компаниясының бас атқарушы директоры Гэри Нейглмен кездесті.

Тараптар Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы шетелдік компания қызметінің негізгі бағыттарын және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Glencore компаниясы - «Kazzinc» ЖШС-нің мажоритарлық қатысушысы. Ал қордың портфельдік компаниясы – «Тау-Кен Самұрық» компанияның 29,82% үлесіне иелік етеді.

Glencore – сауда, логистика және пайдалы қазбаларды өндіру салаларында қызмет ететін швейцариялық компания. Ол - түсті металдар, минералдық ресурстар және энергетикалық шикізатты жеткізетін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.