Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec корпорациясының қаржы жөніндегі вице-президенті әрі басқарушы директоры Джон Олинмен кездесті

Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec корпорациясының қаржы жөніндегі вице-президенті әрі басқарушы директоры Джон Олинмен кездесті

28

02 Шілде 2026

Америкалық компания - қордың көпжылдық серіктесі, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі.

Соңғы 17 жылда Wabtec «Қазақстан темір жолының» негізгі стратегиялық серіктестерінің біріне айналды. Компания «Локомотив құрастыру зауытына» иелік етеді. Аталған зауыт жалпы құны 3,1 млрд доллардан асатын 650-ден астам локомотив шығарды. Сонымен қатар, ТМД елдері мен көршілес мемлекеттерге 42 локомотив экспортталды.

Бұл қордың сатып алу жүйесінің арқасында мүмкін болды. «Қазақстан темір жолы» зауыт өнімінің кепілдендірілген көлемін сатып алады. Нәтижесінде технологиялар трансфері мен өндірісті локализациялау арқылы Қазақстанның теміржол саласын жаңғыртуға жағдай жасалды. Қазіргі таңда локализация деңгейі 45%-ды құрайды.

Тараптар сондай-ақ 2036 жылға дейін 300 локомотивті жеткізу бағдарламасын іске асырудың және локомотив өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті.

Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) — локомотивтерді, сондай-ақ локомотивтерге, жүк және жолаушылар көлігіне арналған өнімдерді шығаратын америкалық компания.

Image (14).jpeg