«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Орталық Азия және Түркия бойынша аға вице-президенті Куш Чоксимен және америкалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Орталық Азия және Түркия бойынша аға вице-президенті Куш Чоксимен және америкалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті

76

01 Шілде 2026

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі, цифрлық инфрақұрылым және телекоммуникациялар салаларында бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінде қор жалпы құны 100 млрд доллардан асатын 120-дан астам ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр және халықаралық серіктестермен бірлесіп инвестициялау тетіктерін белсенді дамытуда.

Кездесуге қатысушылар серіктестікті одан әрі нығайтуға және өзара тиімді жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға өзара мүдделі екенін растады.

АҚШ Сауда палатасы (U.S. Chamber of Commerce) – 1912 жылы құрылған әлемдегі ең ірі бизнес бірлестігі. Палата 3 миллионнан астам америкалық компанияның мүддесін қорғайды, АҚШ Конгресімен, Әкімшілігімен және федералдық ведомстволармен жұмыс істейді, сондай-ақ халықаралық сауда, инвестициялар және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі.

Image (10).jpeg