«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады

«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады

35

23 Маусым 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Airbus компаниясының Еуропа өңірі бойынша президенті Жоан Пелисьемен кездесті.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы стратегиялық серіктестікті, соның ішінде Airbus компаниясының Air Astana-мен көпжылдық ынтымақтастығын талқылады. Air Astana 2006 жылдан бері Airbus ұшақтарын пайдаланып келеді және Қазақстандағы осы үлгідегі әуе кемелерін тұрақты негізде пайдаланатын жалғыз әуе компаниясы.

Кездесуде әуе компаниясы флотының дамуына және оның ұзақ мерзімді жоспарларына, атап айтқанда, Airbus A320neo family әуе кемелері паркін кеңейту, 2031 жылға дейін жеткізілетін жаңа ұшақтарды сатып алу жөніндегі бұрын жасалған келісімшарттар, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Air Astana әуе компаниясының техникалық базасын дамыту және компанияның Техникалық орталығының әлеуетін арттыру мәселелері қаралды. Болашақта аталған орталықты Орталық Азиядағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін өңірлік хаб ретінде дамыту көзделіп отыр.

Airbus SE – Еуропадағы ірі аэроғарыш корпорациясы әрі азаматтық авиация, тікұшақ жасау, ғарыш технологиялары және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания коммерциялық әуе кемелеріне берілген тапсырыстар мен жеткізілімдер көлемі бойынша әлемдік нарықта жетекші орын алады және жаһандық авиация индустриясының дамуына маңызды үлес қосып келеді.

Image (1).jpeg