Қарағанды облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
593
30 Сәуір 2026
«Самұрық-Энерго» АҚ Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын Қазақстандағы ең ірі жел электр станцияларының бірінің құрылысын бастады. Болашақ нысанның іргетасына капсула салу рәсіміне «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин және «Karaganda Wind Power» ЖШС қадағалаушы кеңесінің төрағасы Шао Юэбо қатысты.

Жоба China Energy International Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда және елдің «жасыл» энергетикасын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
«Жаңа станция өңірді тұрақты энергиямен қамтамасыз етіп, Қарағанды облысының дамуына серпін береді. Бүгінгі шара болашаққа деген сенімді және Қазақстанның заманауи энергетикасының тұрақты дамуын білдіреді», – деді телекөпір барысындағы құттықтау сөзінде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Жобаның инвестиция көлемі шамамен 600 млн доллар, жылына 1,8 млрд кВт⋅сағ дейін электр энергиясын өндіру жоспарланған. Станция 2029 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылуы тиіс.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті