ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының басшылығымен газ-химия және өнеркәсіптік технологиялар салаларындағы серіктестікті талқылады
590
29 Сәуір 2026
Air Products (АҚШ) компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесуге «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен салалық министрліктердің басшылары қатысты.
Жиында өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, озық технологияларды енгізу және газ-химия саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазынада» қордың басқарушы директоры Елжас Отыншиев Air Products басшылығымен кездесті.
Тараптар мұнай-газ және газ-химия саласындағы серіктестік перспективаларын талқылады.
Air Products – өнеркәсіптік газдар индустриясында қызмет ететін халықаралық көшбасшы. Компания әлемнің 50-ден астам елінде жұмыс істейді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті