«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Amazon Web Services (AWS) компаниясының Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия бойынша бас директоры Инна Ожогинамен кездесті
720
27 Сәуір 2026
Кездесу барысында Amazon компаниясымен ағымдағы бірлескен жұмыстар талқыланды. Оның ішінде Amazon LEO төмен орбиталық спутниктік желі жобасын іске асыру, Қазақстандағы желілік инфрақұрылымды дамыту және Amazon Web Services (AWS) бұлтты сервистерімен өзара жұмыс істеу мәселелері қамтылды.
Amazon Web Services — Amazon компаниясының еншілес ұйымы және әлемдегі жетекші бұлтты есептеу платформасы. Компания «pay-as-you-go» (пайдаланғаның бойынша төлеу) үлгісі бойынша 200-ден астам қызмет түрін ұсынады. 2025 жылғы жағдай бойынша AWS — Amazon-ның ең табысты ұйымы, жылдық табысы 128 млрд АҚШ долларынан асады.
«Қазақтелеком» АҚ Amazon тобымен Amazon Leo спутниктік байланысы, халықаралық желілік байланыс және AWS бұлтты инфрақұрылымын Қазақстанда орналастыру бағыттарында серіктестікті дамытып келеді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...