«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктестіктің негізгі шарттары туралы келісімге (Heads of Terms) қол қойды
45
24 Сәуір 2026
Құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бин Мұхаммед Әл-Муршиди қол қойды. Қол қою рәсімі ҚР Премьер-министрі және Оман Сұлтандығының тақ мұрагері, Жоғары мәртебелі Сайид Тейязин бин Хайсам Әл Саидтың қатысуымен өтті.
Аталған келісім тараптардың инвестициялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін бекітеді. Тараптар өнеркәсіп, денсаулық сақтау, энергетика, тұтыну секторы, логистика, тау-кен өндірісі және басқа да экономиканың негізгі секторлары бойынша Қазақстан мен Оманның жұмыс істеп тұрған компаниялары мен жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Құжатта бірлескен инвестициялық платформа, кәсіпорын, инвестициялық қор құру немесе серіктестіктің өзге де форматтары арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асыру мүмкін екені көрсетілген.
Келісімге қол қою капитал тартуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және Қазақстан мен Оман арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...
{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...