«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады
649
23 Сәуір 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Societe Generale компаниясының Таяу Шығыс, Түркия/ТМД және Африка өңірлері бойынша басшысы Эмерик Арномен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ Societe Generale компаниясының топтың энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларына қатысуын талқылады.
Societe Generale «Самұрық-Қазына» қорының негізгі энергетикалық жобаларын қаржыландыруға қатысады (Түркістан облысындағы қуаты 1 ГВт жел электр станциясы және 300 МВт күн электр станциясы). Сонымен қатар, «Қазақстан Темір Жолы» қатысатын инфрақұрылымдық бастамаларға да атсалысуда. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» тобы өтімділікті басқару үшін банктің қаржы құралдарын пайдаланады.
Societe Generale — Франция мен Еуропадағы ірі қаржы топтарының бірі. Компания 1864 жылы құрылған. Негізгі қызметі бөлшек банкингті, корпоративтік қаржыны және активтерді басқаруды қамтиды. Әлем бойынша жеке және корпоративтік клиенттерге банк және инвестиция қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...