Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды
488
16 Сәуір 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Абай облысының әкімі Берік Уәли және «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен бірлесіп, топтың энергетикалық компанияларының жұмысы мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізді.
Кездесуде Шүлбі және Өскемен су электр станцияларының басшылары есеп берді.
Қатысушылар станциялардың су басу кезеңінен қалай өтіп жатқанын және тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шараларды талқылады.
Ірі жобаларды жүзеге асыру барысы туралы «Самұрық-Энерго» компаниясының инвестициялар жөніндегі бас директоры Аңсар Айдаров баяндады. Атап айтқанда, Семейдегі СЭС құрылысы мен Шүлбі станциясының екінші кезегін салу мәселелері талданды.
Жиын қорытындысы бойынша Нұрлан Жақыпов пен Берік Уәли қордың портфельдік компаниялары мен Абай облысының әкімдігіне өзара іс-әрекетті күшейтіп, өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды.

{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...