«Самұрық-Қазына» басшысы Семейдегі Жылу электр орталығының құрылыс барысымен танысты
430
16 Сәуір 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Семейде салынып жатқан жаңа жылу электр орталығының құрылыс алаңына барды.
Жоба шамамен 320 мың тұрғыны бар қаланы жылумен сенімді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Жобаға сәйкес, ЖЭО-3-тің белгіленген электр қуаты 405 МВт, ал жылу қуаты — 1000 Гкал/сағ болады. Бұл қала қажеттіліктерін толық өтеп, өңірдің энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сапар барысында қор басшысы «Самұрық-Энерго» компаниясының басшылығымен және мердігерлермен жобаны іске асыру қарқынын және жұмыстардың қазіргі жай-күйін талқылады.
Мерзімдерді сақтау және құрылыс барысын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ден қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Жақыпов ЖЭО-ны 2029 жылы іске қосу жоспарланғанын және межелі уақытына сай жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жұмыстарды жеделдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажет деді.
Жаңа ЖЭО өңірдегі экологиялық жағдайға оң әсер етеді деп күтілуде. Жобада «таза көмір» технологияларын және заманауи газ тазарту жүйелерін қолдану көзделген. Бұл қаладағы қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін энергия көздерімен салыстырғанда шығарындыларды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті