Ақтөбеде «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылатын жаңа спорт кешенінің капсуласы салынды
546
07 Сәуір 2026
Бүгін облыс орталығында спорт нысанының құрылыс капсуласын салу рәсімі өтті. Жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты орталықта әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар, 100 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы, сондай-ақ қосалқы бөлмелер қарастырылған.
«Биыл осындай кешендер Арқалық, Қонаев және Семей қалаларында да салынады. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» еліміздің бірқатар өңірінде инклюзивті спорт орталықтарын салу бастамасын жалғастыруда. Осындай алғашқы орталық биыл Ақтөбеде ашылды», – деді қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Жобаны іске асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Кешеннің құрылысы «Самұрық-Қазынаның» бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы қаржыландырылады.
Бүгінде компаниялар тобы атынан салынған 19 спорт кешені жұмыс істеп тұр, олар 700 мыңнан астам адамға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...