«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Tecnicas Reunidas компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хуан Лиадомен кездесті
632
07 Сәуір 2026
Тараптар полиэтилен өндіру жөніндегі стратегиялық жобаны іске асырудың ағымдағы жайын талқылады.
Полиэтилен жобасы ішкі және сыртқы нарықтарға арналған полиэтилен өндіретін заманауи газ-химия кешенін құруға бағытталған. Бұл – қордың флагмандық бастамаларының бірі әрі ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды жоба. Кешенді 2028 жылдың соңында іске қосу жоспарланған.

Кәсіпорын сұранысқа ие полиэтиленнің 20-дан астам түрін, оның ішінде жоғары тығыздықтағы полиэтилен (HDPE) мен тығыздығы төмен желілік полиэтиленді (LLDPE) өндірмек. Өнімнің шамамен 40%-ын премиум санаттағы тауарлар құрайды. Өндіріс көлемі әлемдік деңгейдің шамамен 1%-ына жетеді деп күтілуде, ал зауыт ауқымы мен технологиялық жабдықталуы жағынан әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі болмақ.
Tecnicas Reunidas – құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық EPC-компания. Ол 60-тан астам елде 1000-нан астам өнеркәсіптік нысанды жобалап, олардың құрылысына жетекшілік еткен.

{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...