«Самұрық-Қазына» компанияларының 2 мыңнан астам қызметкері экологиялық науқанға қатысты
960
04 Сәуір 2026
Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық науқанына қор тобының 2000-нан астам қызметкері қатысты.
Экоакция аясында бұлақ көздерін тазарту және абаттандыру, жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазалау, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Науқанға Қор мен оның портфельдік компанияларының өкілдері қолдау көрсетті. Мысалы, Астанада 400-ден астам адам Есіл өзенінің Президенттік саябақтағы арнасын тазалау жұмыстарына қатысты.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына сәйкес «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы ауқымды экологиялық бағдарламаны жалғастырады. Жыл басынан бері қор 300-ден астам акция мен іс-шараны жүзеге асырған.
Айта кетсек, аталған бастама аясында «Самұрық-Қазына» тобы соңғы екі жылда 5,8 млн-нан астам ағаш отырғызды.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...