Тиімділікті арттырып, шығындарды азайту: «Самұрық-Қазына» ЖИ жобаларын арттыруда
701
31 Наурыз 2026
«Самұрық-Қазына» компаниялары тобында жасанды интеллектіні енгізу жөнінде қордың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қазіргі уақытта топтың портфельдік компанияларында 62 жоба іске асырылып жатыр, ал олардың 2030 жылға дейінгі жиынтық экономикалық әсері 711 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр.
Қордың цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Абылайхан Оспановтың айтуынша, 2026 жылы барлық портфельдік компаниялар үшін жасанды интеллектіге негізделген шешімдерді енгізу есебінен EBITDA көрсеткішін 5%-ға арттыру бойынша KPI белгіленген.
Бағдарлама тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ секторы, өндіріс, телекоммуникациялар, көлік сияқты экономиканың негізгі салаларын қамтиды.
ЖИ ресурстарды өндіру тиімділігін арттыруға, өндірістік процестерді оңтайландыруға және операциялық шығындарды азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» тобында SKAI атты жасанды интеллектінің корпоративтік экожүйесін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Экожүйе тәуекелдерді басқару мен сатып алудан бастап HR және қаржы саласына дейін жеті негізгі бағыт бойынша ЖИ-ассистенттерді қамтиды.
Жүйе Al FARABIUM суперкомпьютерінде толықтай жабық контурда жұмыс істейді.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...