Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули М. Стаффтпен кездесуі өтті
1378
02 Наурыз 2026
Нұрлан Жақыпов Джули М. Стаффтті тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.
Нұрлан Жақыпов америкалық компаниялармен тәжірибелік өзара іс-қимылды кеңейту әлеуетіне сенім білдіріп, «Самұрық-Қазына» экономиканың негізгі секторларында АҚШ-тың жетекші компанияларымен серіктестікті жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.
Мұнай-газ саласында Chevron және ExxonMobil компанияларымен бірлесіп Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған жобалары іске асырылуда. Көлік саласында локомотивтерді шығару және оларға сервистік қызмет көрсету бойынша Wabtec Kazakhstan зауыты жұмыс істейді. Ashmore компаниясымен бірлесіп Орталық Азиядағы алғашқы премиум деңгейдегі көпсалалы медициналық орталық салу жоспарлануда.
Энергетика саласында желілерді цифрландыру және жаңғырту мақсатында GE компаниясының жабдықтары қолданылуда. Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana Boeing 767 ұшақтарын пайдаланады.
Қордың портфельдік компаниясы «Тау-Кен Самұрық» Cove Capital компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның тау-кен өндіру саласын дамытуға елеулі үлес қосатын вольфрамды терең өңдеу өнімдерінің жоғары технологиялық өндірісін дамытуды жоспарлап отыр.
Спутниктік интернетті дамыту бағытында Amazon Kuiper жобасы мен «Қазақтелеком» арасында ынтымақтастық дамып келеді. Сонымен қатар, өткен жылы «Қазақтелекомда» Nvidia H200 чиптері негізінде еліміздегі екінші суперкомпьютер іске қосылды.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...