«Самұрық-Қазына» қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: 2025 жылдың қорытындылары
1486
25 Ақпан 2026
Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы мен портфельдік компаниялардың жетекшілері өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды қорытындылады.
Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылы өндірістегі жарақаттану деңгейі 28%-ға төмендеген. Бұл жүйелі жұмыстардың және өндірістегі бақылауды күшейтудің нәтижесінде мүмкін болды.
Қор тәуекелге бағытталған тәсілді дамытуды және қауіпсіздікті басқарудың заманауи құралдарын енгізуді жалғастырады.

Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Өндірістік қауіпсіздікті дамыту стратегиясы аясында 2026–2028 жылдарға арналған жоспарлар жайында айтты.
Жыл қорытындысы бойынша «QazaqGaz» АҚ үздіктер қатарында аталып, ал «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов жеке үлесі мен белсенді қатысқаны үшін марапатқа ие болды.
Қор өкілдерінің айтуынша, қызметкерлердің қауіпсіздігі әрдайым басымдықта болмақ.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...