«Самұрық-Қазына» қорында Жастар кеңесінің отырысы өтті
1217
24 Ақпан 2026
Оған қор басшылығы, жастар кеңестерінің төрағалары мен портфельдік компаниялардың жас мамандары қатысты. Жиында жастар саясатының іске асырылу барысы талқыланып, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Құжатқа жастардың белсенділігін арттыруға, кәсіби әлеуетін дамытуға және компаниялар тобының бірыңғай жастар қауымдастығын нығайтуға бағытталған шаралар енгізілді.
«Ендігі міндет – жауапкершілікпен, нақты әрі өлшенетін нәтижеге жұмыс істеу», — деді қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өз сөзінде.
Сондай-ақ, қор тобында Жастар кеңесінің құрамы бекітілді.
Бұдан бөлек, отырыста референдум және ҚР Конституциясының заңдарына қатысты мәселелер қаралды. Конституцияның жаңартылған редакциясы Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты дамуының негізі ретінде қарастырылуда.
Аталған өзгерістер елдің құқықтық және әлеуметтік негіздерін қамтиды, сол себепті кеңес барысында әр азаматтың дауыс беруі маңызды екені айтылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті