«Самұрық-Қазына» қорында алдағы референдум мен жаңа Конституция жобасы талқыланды
1260
23 Ақпан 2026
Жиынға қор басшылығы мен портфельдік компаниялардың өкілдері қатысты.
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқару жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ қоғамдық және құқықтық институттардың жұмыс істеу қағидаттарына қатысты бірқатар өзгерістерді қамтиды. Құжат жаңа қоғамдық және технологиялық сын-пікірлерді ескере отырып, елдің әрі қарай дамуының негізгі нормалары мен бағыттарын айқындайды.

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов компаниялар тобының рөліне ерекше назар аударды. Бүгінде қор компанияларында шамамен 250 мың адам жұмыс істейді. Бұл — ел экономикасының негізгі салаларындағы мыңдаған маманнан тұратын ұжымдар. Сондықтан, қызметкерлер ұсынылып отырған өзгерістер туралы хабардар болып, Қазақстанның болашағы үшін олардың маңызын білуі тиіс екені айтылды. Сөз соңында Жақыпов азаматтарды референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
Қатысушылар әр адамның дауысы маңызды екенін атап өтті. Себебі, дәл осындай шешімдер арқылы елдің алдағы даму бағыты қалыптасады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...