«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ashmore Group plc компаниясының бас директоры Марк Кумбспен кездесті
1100
20 Ақпан 2026
Тараптар Қазақстанда заманауи медициналық орталық құру жобасының қазіргі жайын талқылады. Аталған орталықты салу жоспары 2025 жылы қарашада Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары аясында жарияланған еді.
«Біз болашақ клиниканы Қазақстанды жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсететін өңірлік хаб ретінде қалыптастырудағы маңызды қадам деп қарастырамыз. Бұл ел азаматтары үшін де, көршілес мемлекеттен келетін емделушілер үшін де маңызды», — деді Жақыпов кездесу барысында.
Құны шамамен 150 млн АҚШ доллары болатын жоба аясында халықаралық премиум санаттағы клиниканы салу, кейін оны пайдалануға беру және басқару көзделген.
Ashmore Healthcare International — денсаулық сақтау саласы мен оған ұқсас бағыттардағы жобаларға инвестиция салу, оларды басқару және дамытумен айналысатын халықаралық компания. Лондон қор биржасы айналымында акциялары саудаланатын және FTSE 250 индексіне кіретін британдық инвестициялық холдинг — Ashmore Group plc құрамына кіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...