АҚШ-та «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың америкалық инвестициялық Cove Capital компаниясының негізін қалаушысы әрі басқарушы серіктесі Пини Альтхауспен кездесті
1051
19 Ақпан 2026
Қордың еншілес кәсіпорны «Тау-Кен Самұрық» Cove Capital компаниясымен бірлесіп Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарының жанынла вольфрамды терең өңдеу бойынша жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ниетті.
2025 жылдың 6 қарашасында тараптар кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойып, биыл 13 ақпанда сатып алу-сату шарты мен Құрылтай шарты жасалды.
Кездесуде қатысушылар жобаның ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтті.
Құжаттар пакетінің қол қойылуы жобаны іске асырудың тәжірибелік кезеңіне өтуге мүмкіндік беретіні ерекше айтылды.
Жобаны жүзеге асыру отандық тау-кен өндіру саласының дамуына елеулі үлес қосады.
Cove Capital компаниясы 2015 жылы құрылған. Компания жаңартылатын энергия көздері және тау-кен өнеркәсібі салаларына инвестиция салып келеді.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...