7 ел, 5 000 оқушы және үш күндік инженерлік шығармашылық
51
11 Ақпан 2026
Астанада «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Орталық Азиядағы робот техникасы, жасанды интеллект және STEM бағытындағы ірі фестиваль — Alem Tech Fest 2026 өз жұмысын бастады.
EXPO алаңында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан келген 5 000-нан астам қатысушы инженерлік жобаларын ұсынады.
Фестиваль бағдарламасында Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионаты, Alem Drone League аясындағы дрон-футбол мен жарыстар, Battle of Bots роботтар жекпе-жегі, RoboCup сайыстары, гуманоид роботтар, зымыран жасау және оқушыларды тәжірибе арқылы жасанды интеллектпен таныстыратын Hour of AI сессияларын өткізу жоспарланған.
Шара қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 50 командасы анықталады. Олардың 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алса, қалғандары халықаралық жарыстарға қатысады.
Фестивальге қатысушылардың қатарында «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан STEM Hanym жобасының бес командасы бар. Былтыр Атырау облысында STEM бағыттары бойынша мыңдаған педагог әйел мен мүмкіндігі шектеулі әйелдер білімін жетілдіріп, 300 қатысушы сертификат алған. Бүгінде олар оқушыларды халықаралық жарыстарға дайындауда.
{{ $t('messages.news1') }}
434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапк...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас дирек...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының екінші қысқы Спартакиад...
{{ $t('messages.news1') }}
Исламабад қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік с...