434 жоба, 11,5 млн қазақстандық: «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жауапкершілік бойынша қорытындылары
1962
09 Ақпан 2026
Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық диалог форматында өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында компаниялар тобының 2016–2025 жылдардағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы нәтижелері қорытындыланды.

Осы кезеңде 124,1 млрд теңгеге 434 әлеуметтік жоба іске асырылған. Еліміздің 17 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада 274 әлеуметтік нысан — оңалту орталықтары, инклюзия кабинеттері, спорт кешендері, креативті хабтар, музейлер мен кітапханалар ашылды.
2025 жылдың өзінде 13,2 млрд теңгеге 39 жоба жүзеге асырылып, шамамен 1 млн отандасымызға қолдау көрсетілді.
Samruk-Kazyna Trust ұйымы қордың бірыңғай қайырымдылық операторы қызметін атқарады. Дәл осы ұйымда «Ainala» оңалту орталықтарынан бастап «Шексіз мүмкіндіктер» бейімдеуші лагеріне дейін, сондай-ақ балалардың білім алуына және мамандық таңдауына көмектесетін «Samruk Umiti», «Жарқын болашақ» жобаларына дейінгі жүйелі шешімдер қалыптасады.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Specialist Risk Group (SRG) компаниясының Азия-Тынық мұ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...