«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Нгуен Хао Бинь бастаған Вьетнам делегациясымен кездесті
1595
02 Ақпан 2026
Делегация құрамына Вьетнамның мемлекеттік органдарының өкілдері және Вьетнамның дербес қоры — State Capital Investment Corporation (SCIC) директорлар кеңесінің төрағасы кірді.
Кездесу барысында тараптар Вьетнамның жетекші компанияларымен ынтымақтастықты дамыту және ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Sovico Group-пен стратегиялық серіктестікке, соның ішінде QAZAQ AIR әуе компаниясын сәтті жекешелендіруге және екі ел арасындағы достық және әріптестік қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды факторы ретінде Қазақстанның авиация саласына Вьетнам инвесторларының қатысуына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, жаңа жобаларға қызығушылықтары барын айтты.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...