«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Өзхан Хусейнмен кездесті
1711
30 Қаңтар 2026
Тараптар серіктестіктің перспективалы бағыттарын, оның ішінде «жасыл» энергетика саласындағы жобаларды ықтималды қаржыландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, топтың сатып алуларын жетілдіру мәселелерін қарастырды.
Еуропалық қайта құру және даму банкі «Самұрық-Қазына» қорының ұзақ жылдар бойғы серіктесі. Банк Қордың энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы және логистика бағыттарындағы ірі жобаларына қатысады.
Қаржы институты Қордың сатып алу жүйесін халықаралық стандарттарға сай деп таныды. Қор — әлемде (Еуропалық Одақ елдерінен тыс) сатып алу жүйесі ЕҚҚДБ тарапынан ресми түрде мойындалған жалғыз құрылым.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...