«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайда ZTE Corporation президенті Сю Цзыянмен кездесті
1064
26 Қаңтар 2026
Тараптар 5G, жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы стратегиялық серіктестік пен жоғары технологиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» және Kcell-мен бірлескен жобалар арқылы ZTE компаниясының Қазақстанның телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі, соның ішінде ұялы және тіркелген желілер, талшықты-оптикалық шешімдер мен 5G жабдықтары жайлы айтылды.
Кездесу тараптардың бірлескен жобалардың ауқымын кеңейтуге және серіктестікті нығайтуға өзара қызығушылықтары барын растады.
ZTE Corporation — телекоммуникация жабдықтары, байланыс жүйелері және ұялы құрылғылар өндірісімен айналысатын Қытайдың ірі мемлекеттік компаниясы.

{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...