«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайға жұмыс сапары аясында Huawei Technologies директорлар кеңесінің төрағасы Лян Хуамен кездесті
1128
26 Қаңтар 2026
Нұрлан Жақыпов жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғыс білдіріп, Huawei компаниясының жаһандық инновациялық экожүйені дамытуға қосып жатқан елеулі үлесін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда ІТ-өнімдердің өндірісін локализациялау жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылу барысын талқылады. Бүгінде Huawei компаниясының қатысуымен Қор тобына кіретін 12 портфельдік компания мен еншілес ұйымдарда жобалар белсенді жүзеге асырылып жатыр.
Кездесуде қос тарап серіктестікті одан әрі нығайтуға және цифрландыру саласында бірлескен бастамаларды іске асыруға қызығушылықтары барын растады.
Былтыр қыркүйекте Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің отырысы аясында Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ұйымдардың бір-біріне сенімді серіктес ретіндегі мәртебесі бекітілген еді.
Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымы мен интеллектуалды құрылғыларды жеткізу бойынша Қытайдағы жетекші ұйым.
Компания 170-тен астам ел мен өңірде жұмыс істейді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
{{ $t('messages.news1') }}
Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторлары...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов CITIC Group вице-президентімен кездесті