«Самұрық-Қазына» басшысы «Ситибанк Қазақстан» басқарма төрайымы Сәуле Жақаевамен кездесті
1104
20 Қаңтар 2026
Келіссөз барысында тараптар серіктестік перспективаларын және инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов Citibank — «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының көп жылдан бергі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Компания қордың негізгі қаржы операцияларына қатысып, ірі жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыруға және еурооблигациялар шығаруға атсалысқан.
Citigroup — 1998 жылы Citicorp пен Travelers Group компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған, әлемдегі ірі қаржы конгломераттарының бірі. Бас кеңсесі Нью-Йорк қаласында орналасқан. Банк кең ауқымды қаржы қызметтерін ұсынады және әлемнің 140-тан астам елінде жұмыс істейді.


{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...