«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қолданудан күтілетін жиынтық әсер 5 жылда $1,3 млрд болады деп бағаланып отыр

«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қолданудан күтілетін жиынтық әсер 5 жылда $1,3 млрд болады деп бағаланып отыр

111

06 Қаңтар 2026

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.

Баяндаманың негізгі тезистері:

  • 2025 жылы Қорда бірыңғай IT-стандарт пен өндірістік процестерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша Жол картасы бекітілді.

  • Қор тобының 239 мың қызметкері жасанды интеллект саласындағы негізгі дағдылар бойынша білім алды.

  • Бірыңғай корпоративтік SKAI жасанды интеллект экожүйесі қалыптастырылуда, негізгі көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін SKAI Data платформасы іске қосылды.

  • Компаниялар тобында жасанды интеллект қолданылатын 62 жоба жүзеге асырылуда, олардың басым бөлігі өндірістік процестерде қолданылады. 5 жыл ішінде ЖИ жобаларын енгізудің жиынтық экономикалық әсері $1,3 млрд-тан асады.

  • HR, сатып алу, қаржы, инвестициялардан өндірістік қауіпсіздікке дейінгі негізгі функциялар үшін ЖИ-ассистенттер енгізілуде. Барлық шешімдер «бір терезе» қағидаты бойынша бір SKAI-ассистентіне біріктіріледі.

  • 2026 жылы портфельдік компаниялар үшін жасанды интеллект есебінен EBITDA-ны 5%-ға арттыру бойынша KPI белгіленді, осылайша, алдағы уақытта басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданбақ.