«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 9 құжатқа қол қойды

«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 1,5 млрд доллар болатын 9 құжатқа қол қойды

2084

20 Желтоқсан 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің Жапонияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары мен жапондық серіктес ұйымдар арасында энергетика, қаржы, экология, көлік, тау-кен өндірісі және цифрландыру салаларын қамтитын бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойылды.

  • Marubeni Corporation компаниясымен серіктестік туралы келісім.

  • Aktas Energy («Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies-тің бірлескен кәсіпорны) мен Marubeni компаниясы арасында көміртегі кредиттерін шығару, верификациялау және іске асыру жөніндегі негіздемелік келісім.

  • «Самұрық-Энерго» АҚ мен Mitsubishi Heavy Industries арасында ауа сапасын бақылаудың «таза» технологияларын енгізу жөніндегі стратегиялық серіктестік туралы келісім.

  • Жобаларды қаржыландыру бойынша MUFG Bank-пен ынтымақтастық туралы меморандум.

  • Цифрлық технологияларды енгізу бойынша KEGOC пен Hitachi Energy арасындағы стратегиялық әріптестік туралы негіздемелік келісім.

  • Қоймаларды басқару бизнес-процестерін автоматтандыру және электрондық коммерцияны дамыту бойынша «Қазпошта» АҚ мен Toshiba Corporation арасындағы ниеттестік туралы келісім.

  • «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мен Kansai Electric арасындағы серіктестік туралы құжат.

  • Қазақстан Республикасының тау-кен саласында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен JOGMEC арасындағы серіктестік туралы меморандум.

  • Қазақстанның темір жолдарын жел мен қардан қорғау бойынша шешімдер әзірлеу жөнінде «ҚТЖ» АҚ мен RIKEN KOGYO Inc. арасындағы серіктестік туралы меморандум.

WhatsApp Image 2025-12-20 at 11.49.50 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-20 at 11.49.50.jpeg