«Самұрық-Қазына» басшысы Mitsubishi Heavy Industries президентімен кездесті
2351
19 Желтоқсан 2025
Жапонияда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Mitsubishi Heavy Industries (MHI) компаниясының президенті әрі басқарма төрағасы Эйсаку Итомен кездесті.
Тараптар Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша MHI компаниясымен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде, Екібастұз энергетикалық кластері (1-МАЭС және 2-МАЭС) бойынша жұмыстар және негізгі энергия блоктарында озық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ мен Mitsubishi Heavy Industries ауа сапасын бақылаудың «таза» технологияларын енгізу бойынша серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Mitsubishi Heavy Industries – инженерия, машина жасау және өнеркәсіптік технологиялар саласындағы Жапонияның ірі корпорацияларының бірі. Компания активтері шамамен 46,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Әлем бойынша 300-ден астам еншілес компаниясы мен бөлімшелері бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...