Құлсары қаласындағы 5 мектепте инклюзия кабинеттері ашылды
825
17 Желтоқсан 2025
Инклюзияны қолдау кабинеттері №16, №8, №7, №18 және №21 мектептерінде ашылды. Жаңа сыныптар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 158 баланы қамтиды.
Балаларға мектеп қабырғасында кешенді қолдау көрсетіледі. Мұнда логопед, психолог және дефектолог мамандарына арналған аймақтар мен емдік дене шынықтыруға арналған жеке кабинет қарастырылған. Жоба аясында бес мектептің оқытушылары үшін жыл бойы әдістемелік сүйемелдеу мен оқыту қамтамасыз етіледі, оның ішінде жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу, біліктілікті арттыру және мамандарға тұрақты кеңес беру көзделген.
Жаңа кабинеттер «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Теңізшевройл» серіктестігінің арқасында ашылды. Бес инклюзивті кабинетті ашу және жабдықтау бойынша жобаның жалпы құны - 151,9 млн теңге.
Ашылу салтанаты №16 мектеп-гимназиясында өтті. Іс-шараға «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова, Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Әдинов, мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Жаңа инклюзивті кабинеттерді ашу құрметі күн сайын қолдау, қамқорлық және балаларының мүмкіндіктеріне шексіз сенетін жандар - ерекше балалардың аналарына берілді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Astana International Exchange алаңында алғашқы панда-...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Бұхарада Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Tranzum Courier Service компаниясының негіз...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жылдық 2,18% рекордтық төмен мөлшерлемемен панда-бонд...