Ауылдағы спорт: «Самұрық-Қазына» 17-ші спорт кешенін ашты
62
11 Желтоқсан 2025
Батыс Қазақстан облысының Жаңаөмір ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру аясында жалпы ауданы 1,6 мың шаршы метр болатын нысанды Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» салды.
Кешенде волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі және ұлттық күреспен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, медициналық бөлім, киім ауыстыратын бөлмелер, душ және басқа да қосымша орындар бар. Енді ауыл тұрғындары тұрақты түрде спортпен айналысып, жаттығып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға дайындала алады.
Жоба құны - 1,2 млрд теңге. Оны іске асыруға «Азия газ құбыры», «Uranium One», «CGN», «Cameco», «Orano», «КАТКО», «Marubeni» және «KMG RomPetrol» компаниялары атсалысты.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, бизнес-серіктестер, спорт және қоғам өкілдері қатысты.
2020 жылдан бері қордың компаниялары тобы Батыс Қазақстан облысында жалпы құны 21,7 млрд теңге болатын 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Солардың бірі – биыл ашылған «OzgeEpic Oral» креативті хабы. Өңірде жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 1200-ден астам баланы қабылдайтын ерте араласу және оңалту орталықтары да жұмысын жалғастыруда.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Кореяның GS E&C компаниясының ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік инновациялық компания - 2025» байқауының қо...
{{ $t('messages.news1') }}
PwC «Самұрық-Қазына» мен портфельдік компаниялардың қызметкерлері үшін...
{{ $t('messages.news1') }}
Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұр...