«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы CWE басшылығымен кездесті
46
16 Маусым 2025
Нұрлан Жақыпов China International Water & Electric Corporation (CWE) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Цичжоумен кездесу өткізді.
Тараптар тұрақты энергетика, су ресурстары және инфрақұрылымдық жобалар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
«CWE компаниясының Қазақстандағы қызметі гидроэнергетика саласындағы стратегиялық жобалардың сәтті жүзеге асырылуының жарқын мысалы», - деді Жақыпов кездесуде.
2011 жылы қуаты 300 МВт болатын Мойнақ СЭС, ал 2021 жылы 24,9 МВт болатын Тұрғысын СЭС-і іске қосылды.
«Бүгінде күн тәртібінде одан да ауқымды жоба бар, ол – Орталық Азиядағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын Қазақстанда салу жобасы», – деді Жақыпов.
«Орталық Азия – Қытай» форумы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ мен CWE ГАЭС жобасы бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Құжат техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезеңіндегі өзара іс-әрекеттер форматын айқындайды.
China International Water & Electric (CWE) – су шаруашылығы мен энергетика саласындағы халықаралық корпорация.
{{ $t('messages.news1') }}
«Орталық Азия – Қытай» форумы аясында келесі құжаттармен алмасу рәсімі...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы China Harbour Engineering Compan...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен CNPC басшылығы бірлескен жобалардың ағымдағы жағд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов өнеркәсіптік газдар мен тұрақт...