Дүниежүзілік банк «Самұрық-Қазына» қорының дивидендтік саясатын үздік әлемдік тәжірибе деп таныды
1545
23 Шілде 2024
Егемен Қазақстан, 23.07.2024 ж.
«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов дамушы елдердің дивидендтік саясатына арналған кездесуге қатысып, Қордың қолданыстағы дивидендтік саясаты және осы салада табысты енгізілген инновациялар туралы айтып берді.
Дүниежүзілік банк ұйымдастырған шараға Қордан басқа өзге де елдердің бейінді ведомстволарының өкілдері қатысты.
«Дүниежүзілік банктің шолуы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 40 елін қамтыды. Оның қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолданыстағы дивидендтік саясатының тиімділігі мен теңгерімділігін ерекше атап өтті. Қордың дивидендтік саясатын ең озық тәжірибелерге сәйкес толыққанды жетілген деп таныды», - деп атап өтті Рысқұлов.
Атап айтқанда, Қордың дивидендтік саясаты компаниялардың болжамды кірістері, келешектегі күрделі шығындары мен стратегиялық жоспарларын ескереді. Дивидендтер мөлшері капитал құрылымын оңтайлы қолдау есебінен белгіленеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру турал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов DFC компаниясының бас директор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...