Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
1462
02 Сәуір 2021
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.
Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» Қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру турал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов DFC компаниясының бас директор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...