«Самұрық-Қазына» Алматы тұрғындарын таза энергиямен қамтамасыз етеді
519
28 Сәуір 2023
Мұны Қор басшысы Нұрлан Жақыпов қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде мәлімдеді. «Алматы энергетикасын жаңғырту үшін әкімдікпен бірге жұмыс істеу туралы келіссөз жүргіздік. Әріптестермен ойымыздың бір жерден шыққаны ерекше қуантады. Біз өңірде жаңа газ, су және жел станцияларын салу үшін инвестиция құямыз. Әкімдік өз тарапынан толық көмек көрсетуге уәде берді», - деді Нұрлан Жақыпов.
«Самұрық-Қазына» басшысының айтуынша, қазір Қор мегаполистегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірден бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр. Мысалы, қала мен оның маңындағы ауаның ластануын азайту және өсіп келе жатқан энергия тұтынуды ретке келтіру үшін алматылық ЖЭО-ны көмірден газға ауыстыру жоспарда бар. Ол үшін станцияларға жаңа газ құбырлары мен жылу желілерін жеткізу қажет. Қор мен әкімдік жоба бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті.
«Мұндай жобаны энергетика, газ компаниялары және электр желілері бойынша операторы бар «Самұрық-Қазына» сияқты ірі холдинг қана жүзеге асыра алады. Бүкіл қала бұл жобаны асыға күтетініне сенімдімін», - деді Нұрлан Жақыпов. Оның айтуынша, соңғы жылдары Алматының электр желілерін дамыту үшін көп жұмыс жасалды. 38 қосалқы станция мен электр желілері салынды, бұл KEGOC тірек қосалқы станциялары мен «АЖК» тораптық қосалқы станцияларын біріктіріп, қаланың айналасында сақина құруға мүмкіндік берді.
Нұрлан Жақыпов Алматыдағы газға ауысуды жоспарлап отырған ЖЭО-2-ге барды. Қор басшысының айтуынша, «жұмыс істеп тұрған көмір зауыттарының жанында жаңа газ электр станциялары құрылады, содан кейін көмір зауыттары пайдаланудан шығарылады». «Жаңа электр станцияларын салу - өте ауқымды және қымбат жоба. Осыған байланысты Қор әлемнің түкпір-түкпірінен инвестициялар тартуда, өйткені жаңа энергия қуаты «Самұрық-Қазынаның» негізі жобаларының маңызды бөлігін құрайды. «Самұрық-Қазына» тобы экономиканы жанама түрде жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаржымен субсидиялайды. Бұл біздің портфельдік компаниялардың өзіндік құннан төмен шығынға ұшырайтын немесе нарықтық құннан төмен қызметтер сатылатын сомасы екені белгілі. Яғни, топ жыл сайын 1 трлн теңгеден артық ақша алмайды және осылайша жанама түрде экономиканы субсидиялайды», - деп толықтырды менеджер.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...