«Самұрық-Қазына» оңтайландыру тапсырмасы аясында еншілес компанияларының бірін таратуды жоспарлап отыр – Жақыпов

«Самұрық-Қазына» оңтайландыру тапсырмасы аясында еншілес компанияларының бірін таратуды жоспарлап отыр – Жақыпов

35

14 Наурыз 2025

«Самұрық-Қазынада» Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтуде. 

​Жиында Қордың 2024 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2025 жылға  жоспарлары талқылануда.

Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту тапсырмасы аясында Қор құрылымын оңтайландырып, еншілес компания «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ін тарату туралы мәселені Қордың Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

«Самұрық-Қазына» Қор тобындағы активтердің тиімділігі мен олардың құнын арттыру, сондай-ақ, бейіндік емес активтерден арылу бойынша жұмыстарды жалғастыруда», – деді Жақыпов.

photo_2025-03-14_11-33-04.jpg

​Жиынға Қор басшылығы, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

​Сондай-ақ, Жақыпов Қордың былтыр атқарған жұмысының негізгі нәтижелері жайлы айтты: 

▪️2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13%-ға, ал EBITDA – 5%-ға өскен.

​▪️2024 жылы мемлекетке 1,354 трлн теңге төленді, бұл портфельдік компаниялардан түскен дивидендтердің көлемінен 6 есе көп.

​«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесі – азаматтық қоғам мүдделерін қорғау, қоғамдық пікірді ескере отырып шешімдер қабылдау, сондай-ақ Қор мен оған қарасты ұлттық компаниялардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган.