РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

51216
LANGUAGE_ID=kz IBLOCK_ID=42

Екібастұз МАЭС-2 Қазақстанның бақылауына өтті

127
12.12.2019 00:00

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ресейлік «Интер РАО» энергетикалық компаниясынан «Екібастұз МАЭС-2» АҚ –ның 50 % акциясын сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Осылайша, маңызды электрэнергия активі Қазақстан Республикасының бақылауына толығымен өтті.

Айта кеткен жөн, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Интер РАО» ЖАҚ акциялары тең негізінде иелік еткен Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды. Қазақстан тарапы үшін қоғам қызметінің басым бағыты станцияны кеңейту және қайта құру шеңберінде 636 МВт болатын үшінші энергоблокты орнату болып табылады. Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оның экспорттық әлеуетін арттруға ықпал етер еді.

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы келісім шеңберінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ «Екібастұз МАСЭС-2 №3 энергоблогының құрылысы» жобасын іске асыруға кірісті. 2010 жылы тиісті жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Осының негізінде «Екібастұз МАЭС-2» АҚ –ның 50 % үлесті сатып алу туралы шешім қабылданды.

Станция толық бақылау жән 3-ші энергоблокты сату жөніндегі жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа өндіруші қуатты енгізу қажеттілігі бар. Ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін электр энергетикасы саласының озық дамуына ықпал ету керек.
Пікірлер (0)
Алғашқы болып пікір жазыңыз
captcha



«Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы

Заңды: Е 10 көшесі, 17/10 үйі
Нақты: Е 10 көшесі, 17/10 үйі

Колл-центр:
+ 7 (7172) 55 40 01
Канцелярия:
+7 7172 554077, +7 7172 552630, +7 7172 552681, +7 7172 552007




Қоржын компаниялар
© 2009-2020 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего