«Тау-Кен Самұрық» мыс, мырыш, темір сияқты басым металлдардан бастап, сирек кездесетін металлдарға дейінгі түрлі қатты пайдалы қазбаларды өндіру және байытуға маманданған. Сондай-ақ, бұл технологиялық тізбекке олардың металлургиялық қайта өңделуі де кіреді.
«Тау-Кен Самұрық» 13 түрлі инвестициялық жобамен айналысады. Олардың қатарына бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар: ҚазЦинк, Металлургиялық кремний өндіретін және аффинаж зауыттары, сондай-ақ, барлау және өндіруге арналған жобалар: «Алайғыр» БК», «Масальский» ТБК», «Солтүстік Қатпар», «Шалқия» ЖШС-тері бар. Ал геологиялық барлау жобаларынан мұнда: Тұйық-Темірлік, Спасск, Прогресс, Тау алды Кетмень, Шоқпар және Гагаринское кен орындары кіреді.
Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде, «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2022 жылға қарай өз саласы бойынша озық технологиялар мен ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізген Қазақстандағы тау-кен металлургия саласының ірі ұлттық компаниясы болады.