РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Сайтқа өту
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы құрылды. Компания уран, сирек металдар, атом электр станциялары үшін ядролық отын импорты-экспорты бойынша ҚР Ұлттық операторы саналады.

Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобының құрамына 20 000-нан астам адам жұмыс істейтін 46 ведомстволық кәсіпорын кіреді. Еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге Компания 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріккен және жерасты ұңғымалы шаймалау технологиясын қолданатын ҚР аумағындағы 26 кен орнын игереді.

2018 жылғы қарашада Қазатомөнеркәсіп «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIX) мен Лондон қор биржасында (LSE) өз акциялары мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарының листингін жүзеге асырды. Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздарын алғаш рет жария орналастырғаннан (IPO) кейін мажоритарлық үлес – Компанияның жарияланған акцияларының жалпы санының 85,08% «Самұрық-Қазына» АҚ иелігінде қалды, ал миноритарлық акционерлерге тиесілі 14,92% еркін айналымда.




Басшылық
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы
Басқарма Төрағасы
Компанияның
сандық көрсеткіштері
1 381 116
млн. теңге
АКТИВТЕР
37 051
млн. теңге
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ
77 480
млн. теңге
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПАЙДА
380 266
млн. теңге
ТАЗА ПАЙДА
436 632
млн. теңге
ТҮСІМ






Қоржын компаниялар
© 2009-2019 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего